Олар – "Kaindy" ЖШС (Алматы облысы), "ASEM-ZHETYSU" ЖШС (Алматы облысы), "Meat processing Complex Bizhan" ЖШС (Ақмола облысы), "Asyl-Asyl" (Атырау қаласы), ЖК "Kuanysh" (Атырау қаласы), ШҚ "Birlestic" (Қарағанды облысы), "EURASIA INVEST LTD" ЖШС (Қарағанды облысы), "ARAY KZ" ЖШС (Қарағанды облысы), "BEEF EXPORT GROUP" ЖШС (Қостанай облысы).
Бұған дейін аталған тізілімге 34 қазақстандық кәсіпорын енгізілген болатын. Осылайша, бүгінгі таңда жалпы 43 отандық ет өңдеу компаниясы өз өнімдерін Жапония аумағына экспорттай алады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясының Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер басқармасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық нәтижесінде қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді. Олар: «Алтын қазық» ЖШС (Ақмола облысы), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы), «Meat Processing and Service LLP» ЖШС (Алматы облысы), «Кублей» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы).
Бұған дейін 2021 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын. Осылайша, отандық кәсіпкерлер басқа елдердің аумағында қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын игеруді жалғастыруда.