Құжаттарда барлық су ұңғымаларын, соның ішінде саяжай мен үй маңындағы учаскелерде бұрғыланғандарды міндетті түрде лицензиялау қарастырылған. Мұның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.
9020 заң жобасы бізде емес, Украинада қаралуда. Құжықтарды міндетті түрде лицензиялау туралы шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ украин белсенділері бұл тұжырымдаманың идеясына наразылықтарын білдіруде.
Қазақстанда мұндай ережелер жоқ. Гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу қағидаларына және 2009 жылғы 1 шілдедегі паспорт нысанына сәйкес тәулігіне 50 текше метрден аспайтын көлемде су ұңғымаларын өз қажеттілігі үшін қолдану жер қойнауын пайдалануға қандай да бір арнайы рұқсаттарды талап етпейді.
Демек, Қазнетте таралған хабарламаның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.