RSS лента

Әйелдердің 47% өз ісін ашуға ниетті

  • 10.03.2023, 00:19,
  • 338
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Қазақстанда әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы белсенділігі төмен екендігі байқалады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Әйелдердің 30%-ы және ерлердің 70%-ы ШОБ-та еңбек етеді. Қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Ольга Николаева ОКҚ алаңында Қазақстандағы гендерлік саясаттың ерекшеліктеріне арналған брифинг барысында осындай мәліметтерді келтірді.Оның айтуынша, ресми немесе азаматтық некеде тұратын әйелдердің шамамен 10%-ы экономикалық тұрғыдан жұбайына тәуелді.

 

«Жаппай сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, әйелдердің 47,3%-ы өз ісін ашып, бизнеспен айналысқысы келеді. Өз кәсібін ашуға кедергі келтіретін ең көп таралған себептер ретінде әйелдер қаржы жетіспеушілігін (64,7%), тәжірибенің, білімнің болмауын (33%), қорқынышты (22,4%) атады», - деді спикер.

 

Бұл ретте О.Николаева әйелдерге арналған тәлімгерлік институтын кеңейтуді, экономикалық қолдаудың қол жетімді шаралары мен оларды алу жолдары туралы хабардар етуді ұсынды. Сондай-ақ мемлекеттік балабақшалар желісін кеңейту, тегін немесе жеңілдікті негізде қосымша кешкі топтар есебінен олардың жұмыс уақытын ұзарту ұсынылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости