RSS лента

Кімдердің жалақысы өскені белгілі болды

  • 10.01.2023, 04:05,
  • 369
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

2023 жылдан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы 25%-ға артты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда.


Жалақының өсуі қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ), үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдарға (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты болды.


2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға, ал 2022 жылы – 25%-ға өсті.


Сондай-ақ, 2021 жылы лауазымдық жалақының  30%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша өсуі арқылы әкімшілік және көмекші персонал, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін жалақыны арттыру жүзеге асқан болатын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости