«Баға белгілеудің динамикалық жүйесі бар. Үш ай бұрын сатып алсаңыз билет 12-15 мың, қазір сатып алсаңыз 50-60 мың, одан да жоғары болуы мүмкін.
Қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бізде ұлттық оператор сегменті бар, сондай-ақ лоукостер сегменті ескерілген. Атап айтқанда, «ашық аспан» режимі аясында жолаушыларды тасымалдауға қатысты тиісті рұқсат тәсілдерін енгіземіз. Мәселен, лоукостерлер бір елден ұшып келіп, біздің ел арқылы басқа мемлекетке сапарлай алады, яғни Еуропаға немесе Түркияға әуе көлігімен бару мүмкіндігі қамтылмақ. Лоукостер болғандықтан, билет құны әлдеқайда арзан болады. Бұл қадамдарды келесі жылдан бастап іске асыру жоспарланып отыр» деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.