RSS лента

Кімдерге 500 мың теңге таратылып жатыр?

  • 27.07.2022, 18:10,
  • 2 417
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Stopfake.kz

Қазнетте Halyk Bank барлық қазақстандықтарға 500 мың теңге және одан да артық мөлшерде төлем жасауға міндеттелгені туралы айтылған жарнама тарады. Бұл ақпарат – фейк. Оны ҚР Қаржы министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.



Ведомство төлемдер туралы ақпарат фейк деп мәлімдеп, азаматтарды мұндай сілтемелерге сенбеуге шақырды.


Бұл жолы ақпаратқа «пікірін» білдірген Halyk Bank-тен төлем алған ер адамның бейнеролигі тіркелген. Шын мәнінде, видеода Петропавл-Камчатка тұрғыны Сергей Кремнев көрсетілген. 2020 жылдың қаңтарында ол лотерея ұтып алған, ал видеода ол банктен алған төлем туралы емес, дәл осы жайлы айтқан.


Демек, жарнама— фейк. Алаяқтар бөгде платформада тіркелуді сұрай отырып, қолданушылардың жеке ақпаратын – логиндерді, парольдерді, төлем карталарының деректерін және мобильді банкингтерге кіру кодтарын иемденеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости