RSS лента

ТШО-дан босайтын 39,5 мың қызметкер не істейді?

  • 10.04.2022, 04:09,
  • 401
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев "Теңізшевройл" қызметкерлерінің өтінішін депутаттық сауалмен жеткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Жақында «Теңізшевройл» компаниясының ірі жобасының құрылысы аяқталғалы отыр. Осыған байланысты компания қызметкерлері жұмыстан босатылатын болады. Компанияның болжамына болашақ кеңейту жобасының аяқталуына байланысты 2022 жылы шамамен 39,5 мың адамды жұмыстан босату жоспарлануда, оның ішінде 37,1 мың адам – қазақстандық кадрлар. Олардың барлығы және отбасылары тұрақты табысын жоғалтатын болады. Жұмыстан босату барлық облыстардың еңбек нарықтарына әсер етеді. Сол себепті менің сұрағым, қазір өз өңірлеріне оралатын қызметкерлерді жұмысқа орналастыру тәртібі қарастырлыған ба?


Сондай-ақ, 2,4 мыңға жуық шетелдік азамат та жұмыссыз қалады. Осы орайда, жұмыспен қамту кезінде басымдық біздің қызметкерлеге ме, жоқ әлде алдымен «қонақтарға»  беріле ме? Яғни, шетелдіктер жергілікті жұмысшылардың алдын орап кетпей ме?» деді депутат Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған сауалында.


«ТШО-ның бас директоры Кевин Лайонмен болған кездесу барысында Энергетика және Еңбек министрліктері ТШО компаниясымен арнайы мемарандумға отырды. Мемарандум бойынша ондағы 39 мың адамның бәрі бірдей  бір кезеңде жұмыссыз қалмайды.  Жұмыстан қысқарту төрт кезеңге бөлінді. Атап өтсек, 2,7 мың адам бірінші, 9 мыңы екінші, 11 мыңы үшінші, қалған 13 мыңы төртінші тоқсанда қысқаратын болады. Ал, жұмыссыз қалған шетелдік азаматтарға келсек, олар елдеріне қайтады.

Атыраудағы NCOC компаниясының бірнеше жобасы бар. Босаған   17,5 мың жұмысшыны сол жерлерге жұмысқа тартып жатырмыз. Тағы бір айта кетер жайт, жұмысшылардың 40 пайызы  -Атыраудың жергілікті азаматтары. Қалғандары еліміздің басқа өңірлерінен қатынап жасайтындар. Бүгінде сол азаматтардың өңірлерімен қоян-қолтық жұмыс жасап, жұмыстан босағандарды қайта даярлау мәселесін күн тәртібіне қойып отырмыз» деп жауап берді Е.Тоғжанов.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости