RSS лента

Алдын ала сөз байлаып денсаулыққа зиян келтірген

  • 13.02.2026, 12:00,
  • 67
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Атырау қаласының №2 сотында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендері үшін айыпталған екі азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 108-1-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы), деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2025 жылдың 3 қазанында А. және К. арасында туристік қызмет көрсетілмеуіне байланысты жанжал туындаған, кейін А. және оның танысы С. жәбірленушіге К.-ге физикалық күш қолданған. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушіде тіркелген зақымданулар денсаулыққа жеңіл зиян ретінде сараланған.

 

Прокурор оларға жазаны орындауды кейінге қалдыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды, сондай-ақ моральдық және материалдық залалды өндіруді талап етті. Сотталушылар азаматтық талап қою сомасын төмендетуді сұрады.

 

ҚК-тің 108-1-бабының 2-бөлігінің санкциясы айыппұл салу,  түзеу жұмыстарына және қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. ҚК-тің 11-бабына сәйкес, бұл ауырлығы онша ауыр емес қылмыс. Сот сотталушылардың жас балаларының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. ҚК-тің 55-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мұндай жағдайларда жаза мерзімі ең жоғарғы шегінің жартысынан аспауы тиіс - бұл жағдайда 1 жылдан аспауы тиіс. Сот үкімімен сотталушылар ҚК-тің 108-1-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаның орындалуы 1 жыл мерзімге кейінге қалдырылды (ҚК-тің 74-бабы). Сондай-ақ, кінәлілерден 1 млн теңге моральдық және 2,9 млн теңге материалдық залал өндірілді.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

                  

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости