Айыптау қорытындысына сәйкес, Хайыржанов ерекше қатыгездікпен және өзге де ауырлататын мән-жайларда адам өлтіргені, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкелген мүлікті қасақана жойғаны үшін кінәлі деп танылған. Ал Катимов — алдын ала сөз байласу арқылы адам өлтіруге қатысқаны үшін айыпталып отыр.
Прокурорлар жаза шарасын келесідей ұсынды: Хайыржановқа — адам өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлікті қасақана жойғаны үшін 6 жыл бас бостандығынан айыру және бұл жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыруды белгілеу; Катимовқа — қылмысқа сыбайлас ретінде осындай жаза түрін тағайындау.
Аталған жазаға қатысты сот шешімі келесі отырыстарда жариялануы күтіледі.

