Аягөз қаласының тұрғыны әйеліне қол көтергені үшін бас бостандығынан айырылды. Polisia.kz мәліметінше, 47 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны мал ұрлығымен айыпталып, сот үкімімен кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 2024 жылдың сәуір айында сотталған Аягөз аудандық пробация қызметінің есебіне алынып, жаза өтеу тәртібі мен шарттары таныстырылып, профилактикалық сұхбат жүргізілген. Сұхбат барысында жанұялы, екі кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар екені анықталды. Жаза өтеу барысында осы жылдың тамыз айында сотталған тұлғаның және жұбайының арасында сөзге келіспеушілік пайда болып, жаза өтеуші жұбайының бет тұсынан бірнеше рет ұрып жіберген.