RSS лента

Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды

  • 18.09.2024, 18:41,
  • 161
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысына және осы ұйымның бухгалтеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

 

Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости