Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Доссор ауылының тұрғыны Талғат Назаров 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да Көкарна шағын ауданында орналасқан қыз-күйеуінің үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Жақындарының айтуынша, ер адам бұрыннан эпилепсия дертімен ауырады әрі қаланың ішкі аумағын толық білмейді. «Атырау Пресс» сайтының мәліметінше, іздестіру шаралары барысында оның бас киімі мен ұялы телефоны Жайық өзенінің маңынан табылған.
Полицияның мәліметінше, осы дерекке байланысты өзен аумағында іздестіру жұмыстары күшейтілді.
Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қандай да бір ақпарат болған жағдайда полицияға хабарлау сұралады.

