RSS лента

Баскетбол алаңында қайғылы жағдай орын алды...

  • 14.01.2026, 16:03,
  • 54
  • 0
  • Автор:
Автор фото: AiRom баскетбол академиясы

Атырау қаласында баскетбол ойыны барысында 13 жастағы жас спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға баскетбол алаңында орын алған. «Атырау Пресс» сайтының мәліметінше, марқұм — AiRom баскетбол академиясының тәрбиеленушісі Тасболат Абдулазиз. Оның қаза болғаны туралы академия өкілдері әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді. Жарияланған ақпаратта Тасболаттың мақсатшыл, еңбекқор спортшы болғаны, командадағы әріптестері мен бапкерлері арасында сый-құрметке ие болғаны айтылған.

 

«Абдулазиз алаңда да, өмірде де нағыз күрескер ретінде жадымызда мәңгі қалады» делінген академияның хабарламасында.

 

AiRom академиясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, олардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді. Оқиғаның нақты мән-жайы мен жасөспірімнің қаза болу себебі әзірге ресми түрде хабарланған жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости