Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрды. Жұмысшылардың құдыққа құлағаны туралы хабар 09:42-де түскен.
«Оқиға орнына келген уақытта кәріз құдығына жөндеу жүргізу жұмыстары кезінде 2 жұмысшы тереңдігі 7-8 метрлік құдықта өлі күйінде жатырғаны анықталды» делінген хабарламада.
Қайғылы жағдай Жаңа Қаратон кенті аумағында орын алған. Жылыой аудандық ТЖБ басшысы Нариман Өтешовтің айтуынша жұмысқа негізінен 5 адамнан тұратын бригада тартылған екен. Ал қайғылы оқиғаны кент тұрғыны хабарлаған. «Жылыой Су» мекемесі қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсететін болады.