RSS лента

Ақтөбе-Алматы әуе рейсінде қайғылы жағдай орын алды

  • 11.12.2025, 16:33,
  • 96
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

DV 712 рейсі Алматыға бағыт алғанымен, Ақтөбе әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. 


SCAT әуе компаниясының DV 712 рейсі кеше кешкілік Ақтөбе-Алматы бағытында жолға шықты. Алайда көп ұзамай жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінді. Сол кезде әуе командирі Ақтөбе әуежайына қайта оралуға шешім қабылдайды. Ұшақ сағат 22:50-де Ақтөбе әуежайына қайта қонды.


– Ұшақ әуежайға қорған соң шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. Рейстің барлық жолаушысы ұшақ бортында болды. Авиацияның қауіпсіздік талабы осы. 9-желтоқсан күні сағат 01:36-да әуе рейсі Алматыға бағыт алды, - деп хабарлады Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.


Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жолаушы жедел жәрдем бригадасы жеткенше көз жұмған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости