RSS лента

Мектепте жарақат алған оқушыға қатысты шындықтың беті ашылды

  • 01.12.2025, 18:15,
  • 65
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде «Тағылым» мектебінде 11-сынып оқушысы әжетханада басын унитазға соғып, ауыр жарақат алғаны туралы хабарланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Туыстарының айтуынша, мектеп қызметкерлері қан іздерін жуып, балалардан болған оқиғаны жасырын ұстауды сұраған көрінеді. Бастапқыда қыз отбасысына жай ғана тайып құлап кеткенін айтса, кейін оны қатарластары итеріп жібергенін мойындаған.

 

Ата-аналар жағдайды тек кешке ғана білген — сынып жетекшісі де, мектеп әкімшілігі де оқиға туралы дереу хабар бермеген.

 

«Мектепте барлық тараптардың қатысуымен ішкі тергеу жүргізілуде. Қызметкерлер алғашқы көмек көрсетіп, бірден травмпунктке баруды ұсынған. Қыз болса тек ағасымен бірге баруға келіскен. Мектеп мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр», — деп хабарлады Атырау облысының білім беру басқармасы.

 

Қазіргі уақытта 11-сынып оқушысына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні анықтап, оны заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алған. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

 

Оқиға туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарланбағаны үшін сынып жетекшісі мен мектеп директорына қатысты материалдар Білім сапасын бақылау департаментіне жолданды. Құқық бұзушылыққа қатысы бар жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне қойылды. Жиналған материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберілмек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц