RSS лента

Атыраулық тұрғын 6,1 млн теңге жалақысын ала алмай келген

  • 15.05.2025, 10:28,
  • 74
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ж.-ның жауапкер «Л» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне еңбекақы бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Талап қоюшы Ж. жауапкер «Л» ЖШС-не заңгер ретінде жұмысқа қабылданған. Еңбек шартына сәйкес, лауазымдық айлық жалақысы 300 000 теңгені құраған. Ұзақ уақыт бойы жалақы төленбегендіктен, талап қоюшы өз еркімен жұмыстан шығуға мәжбүр болған. Есеп айырысу парағына сәйкес, талап қоюшы Ж.-ның жалақы бойынша берешегі 6 178 988 теңгені құраған.

 

Талап қоюшы соттан жұмыс жасаған күндеріне төленбеген жалақыны өндіруді сұраған. Істің қаралуы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген. Келісім шарттары бойынша жауапкер «Л» ЖШС-гі талап қоюшы Ж.-ға 6 178 988 теңгені келісімде белгіленген мерзімге дейін төлеуге міндеттенді.

 

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости