Талап қоюшы дәрігердің өзінің тісін сапасыз емдеуіне байланысты ЖШС-не жүгінген. Ем жүргізілгеннен кейін тісінің ауырғаны басылмай, талап қоюшы тіс емханасының дәрігеріне қайтадан барған. Дәрігер тісті қарамай, талап қоюшыға тісі іскен жағдайда қайта келетінін айтып, оны кері қайтарған. Тісінің ісуіне байланысты талап қоюшы сол дәрігерге қайтадан жүгінген. Жауапкер талап қоюшыға облыстық ауруханаға ем алуға жолдама жазып берген. Талап қоюшыға ауруханада беттің іріңдеуі салдарынан ота жасалып, ұзақ уақыт ем алған.
Дауды сотта қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген. Келісімшарттары бойынша жауапкер ЖШС талап қоюшыға 100 000 теңге моральдық зиян өтемақысы және дәрі дәрмек үшін шығындарды төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы талабынан бас тартты. Сот ұйғарымымен аталған медиациялық келісім бекітілді. Сот актісі заңды күшіне енді.