RSS лента

Атырауда жасөспірім суға батып кетті

  • 04.05.2025, 22:23,
  • 86
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Қайғылы оқиға бүгін, 3 мамыр күні сағат 17:25-те Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылында орын алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Балық аулау кезінде 17 жастағы жасөспірім моторлы қайықтан құлап, суға батып кетті. Облыстық ТЖД мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 19 қызметкер, 5 техника және 6 жүзу құралы жұмылдырылған. Сонымен қатар, операцияға полиция департаментінің 8 қызметкері, 3 техника және 1 жүзу құралы қатысуда.


"Жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасуда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда" деді құтқарушылар.


Кейбір деректерге сүйенсек, көз жұмған жасөспірім 2007 жылы туған, дзюдомен айналысқан. Жарыстарға қатысып, үлкен үміт күттірген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости