Бейнебақылау камераларына түсіп қалған жол апаттарының көрінісі жұрттың жағасын ұстатарлық.
Ал, өткен 2024 жылы облыста жүргізушілердің жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу дерегімен 107 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 23 адам қаза тапқан. Жол-көлік оқиғаларының басты себептері жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы, қарсы жолаққа шығып кетуі, жаяу жүргіншілерді жолдан өткізбей, қағып кетуі және маневр жасау ережелерін бұзуы.
"Айта кету керек, ҚР Қылмыстық Кодексi 345 бабында, яғни көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша ең ауыр жаза ретінде бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Осы ретте, жүргізушілерге көлік құралын басқару қағидаларын, жол жүрісі ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз" дейді облыстық полиция департаменті Анықтау басқармасының анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Мейрамбай Юшибаев.
Фото: иллюстратив