Жұрттың жағасын ұстатқан жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ауыр қылмысқа күдікті ретінде марқұмның туысы - 35 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Сұмдық жағдайдың қалай және не себепті орын алғаны әзірге белгісіз.