RSS лента

Асқан айуандықпен кісі өлтіру азаймай тұр...

  • 10.02.2025, 10:34,
  • 66
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Атырау қаласында 7 ақпан күні жеке үйлердің бірінің ауласында 62 жастағы әйел адамның асқан қатыгездікпен өлтірілгені анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жұрттың жағасын ұстатқан жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ауыр қылмысқа күдікті ретінде марқұмның туысы - 35 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Сұмдық жағдайдың қалай және не себепті орын алғаны әзірге белгісіз.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости