Болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Polisia.kz жазады. Оқиға түнде қаланың шағын аудандарының бірінде болды. Екі бейтаныс жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, 650 мың теңге тұратын телефонды ашық түрде ұрлап кеткен.
Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесінде демалып жүрген жәбірленуші таксиге қоңырау шалған. Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында жолаушылар арасында жанжал болған. Нәтижесінде такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, смартфонды қолды қылған.