RSS лента

862 млн теңге жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды

  • 14.11.2024, 12:34,
  • 33
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

«Iri building» ЖШС директоры 862 млн теңге жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Түркістан облысының Созақ аудандық соты «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директоры Н.Т. Әбілдиновке, «KAZ Design & Development Group LTD» ЖШС авторлық қадағалау директоры Л.А. Момотқа, авторлық қадағалау инженері С.М. Кончаковқа, сондай-ақ техникалық қадағалаудың нақты меншік иесі – «KZ Development» аккредиттелген орталық» ЖШС Б.С. Алматовқа қатысты үкім жариялады.

 

Әбілдинов Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өндіруші кәсіпорынды жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені 2019-2021 жылдар кезеңінде жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, оның сыбайластары Момот, Кончаков, Алматов жымқыруға көмектескені үшін кінәлі деп танылып, сот оларға 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

Бұл ретте, ҚР ҚК 75-бабының 1-бөлігі негізінде сот Кончаковты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.

 

Сондай-ақ сот сотталғандардан материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талапты қанағаттандырды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости