RSS лента

Астана әуежайында жүк сату туралы ақпарат тарады

  • 31.10.2024, 11:27,
  • 47
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Қазнетте Астана халықаралық әуежайы атынан жүк сату туралы жарнама тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Әуе айлағындағы қойманы иелері алып кетпеген жоғалған жүктен босату керек екен. Жүкті сатып алу үшін сілтеме бойынша өтіп, 1060 теңге төлеу қажет. Ресми stopfake.kz бұл алаяқтардың ісі екенін мәлімдеді.



Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жалған жарнамаға қатысты түсініктеме берді.


«Астана халықаралық әуежайы жолаушылар жоғалтқан жүк сатылмайтынын немесе үшінші тұлғаларға берілмейтінін хабарлайды. Егер сіз елорданың әуежайына әкелінген және қалаға кезде алмаған жүгіңізді жоғалтсаңыз, ол бір ай бойы қоймада сақталады. Осы мерзім өткен соң, иесі табылмаса, иесіз чемодандар бастапқы жөнелту пунктіне жіберіледі. Жолаушылардан қырағылық танытып, ықтимал алаяқтық әрекеттерден сақ болуды сұраймыз», – деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз қызметі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости