RSS лента

Тағы су тасқыны бола ма?

  • 03.10.2024, 17:10,
  • 2 036
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2025 жылы су тасқынын болдырмау үшін облыстың 11 ауданы мен 2 қаласында 55 іс-шара жүзеге асырылуда. Осы кезеңде жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар елді мекендерді су басу қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Бір облыстық және алты аудандық жоба бойынша жұмыстар аяқталды.

 

Қазіргі уақытта Самар ауылындағы Лайлы өзенінің жағалауын нығайту және арнасын тазарту, Сарытерек округінің Шалқар ауылындағы қорғаныс бөгетін қалпына келтіру және Қарабұлақ ауылдық округінің Сәтбай ауылындағы су тасқынына қарсы бөгетті ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Алтай ауданында Маяк ауылындағы су бұру арығын тазарту және Богатырево ауылының бөгетін жөндеу, Белая Уба өзенінің жағасын нығайту, Риддер қаласынан 41 км көпірді жөндеу, Шемонаиха ауданында Верх-Уба ауылынан жоғары Лосиха өзеніндегі су қоймасының бөгетін жөндеу жұмыстары жалғасуда.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости