RSS лента

Қарағандыда бассейн саламыз деп ақша жымқырған

  • 01.08.2024, 12:43,
  • 680
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Бассейн құрылысының мердігері жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін ақшаны бақылаудағы компаниялардың шоттарына аударды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде. 

 

Агенттіктің баспасөз қызметінен білгеніміздей, балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

 

Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.

 

Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот "үй қамақа  алу" шарасын қолданды.

 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости