«Қазгидромет» РМК мәліметінше, өткен тәулікте Махамбет кентіндегі Жайық өзенінің гидропостында өзеннің көтерілуі 45 см, Атырау қаласында көтерілуі 36 см
құрады. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев хабарлағандай, жағалауды нығайту жұмыстарын күшейту үшін әкімнің шешімімен жергілікті атқарушы органдар тапсырыс беруші болып табылатын барлық жол-құрылыс жұмысы тоқтатылды, сондай-ақ ірі мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізілді.
Жағалауды нығайту мақсатында қала 107 учаскеге бөлінген. Тек қаланың өзінде 673 бірлік арнайы техника және 7 мыңға жуық еріктілер жұмыс істейді. Соңғы 3 күнде 42 шақырым жағалауды нығайту бөгеттері салынып, 350 мыңнан астам қапшық төселді.
Індер ауданы бойынша да осындай жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта Жайық өзеніндегі су деңгейі 4,39 м құрайды. Жағалауды нығайту жұмыстарына 74 бірлік техника, 610 қызметкер жұмылдырылды,16,5 км бөгет төселді, сондай-ақ 120 мың қап төселді.
Махамбет ауданында да осындай жұмыстар жүргізілуде. Бөгеттердің жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайды, оның 64 шақырымы қайта құру мен күшейтуді қажет етеді. Бүгінгі таңда 37 шақырым бөгет күшейтіліп, қайта жаңартылды. 12,8 шақырым бөгеттер қайта салынды. 258 мың дана қап төселді. Аудан бойынша 185 жұмысшы, 3,5 мың ерікті және 145 техника жұмыс істейді.
«Үкіметтің қолдауымен жақын арада басқа өңірлерден, мәселен, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан қосымша ауыр техника жіберілетінін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Жылыой ауданы бойынша жағдай тұрақталды, эвакуацияланған адам саны 36 мыңға тең. Оның 8310-ы – балалар. 2810 үй мен әкімшілік ғимараттар су астында қалды. Бұл сандар 3 күн бойы өзгерген жоқ», – деп түйіндеді спикер.
Суды тарту, арналарды бұзу жұмыстары жалғасуда.