Пойыз тоқтаған бойда дәрігерлер науқасты бірден оқшаулап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Анықталғандай, азамат аса қауіпті індетті шетелде жүргенде жұқтырыпты.
Абырой болғанда, бұл – Атырау теміржол бекетінде өткен кезекті оқу-жаттығулардың бірі ғана. Оған аймақтың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, обаға қарсы күрес стансасы, теміржол қызметі, желілік полиция, ұлттық сараптамалық орталығы өңірлік филиалының дезинфекция бөлімшесінің мамандары қатысты.
«Мұндай оқу-жаттығулар арқылы адам өміріне қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары пысықталады. Сонымен бірге, дертке қарсы күрес жұмыстары нығая түседі» дейді мамандар.