RSS лента

Атырау журналистикасы ауыр қазаға ұшырады...

  • 10.09.2023, 01:21,
  • 1 255
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Еліміздің журналистика саласына зор еңбек сіңірген, «Прикаспийская коммуна» газетінің бұрынғы бас редакторы Виктор Михайлович Шигаев өмірден өтті, деп хабарлайды Turan Times тілшісі.

Ол қызмет жолында көптеген жауапты жұмыстарды атқарды және бірқатар басшылық лауазымдарда болды. Атап айтқанда, аймақтағы химиялық зауыттың партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, облыстық қоғамдық-саяси газет редакторының орынбасары қызметтерін абыроймен атқара білді. Сондай-ақ, сегіз жыл табан аудармастан «Прикаспийская коммуна» газетінің редакторы болды. Ал, 2010 жылы құрметті зейнет демалысына шықты.

 

«Ол өте мейірімді, кішіге қамқор, үлкенге ізетті жан еді. Әсіресе, кішкентай немерелеріне деген ыстық ықыласы ерекше еді. Бала десе, жүрегінің жартысын бөліп беруге дайын тұратын. Салиқалы да сыпайы, асқан мәдениетті, жұмсақ мінезді, ақкөңіл, жомарт жан болатын. Ал, ұжымда жауапкершілік жүгін жіті сезінетін ерекше еңбекқор, аса ұқыпты, қызметіне қалтқысыз берілген білікті басшы еді» деп еске алады әріптестері.

 

Осы орайда, Turan Times редакциясы да марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости