Бүгін, 9 сәуірде Тұрғындар қалашығында "Мұнайшы" стадионының алдында журналистер мен қала белсенділері жиналды. Мақсат – қаланың экологиялық мәселелеріне назар аударту. Еске сала кетейік, Каспий теңізінің жағалауында бес күн бойы қамыс өртенген болатын. Өрт аумағы 1200 гектарды құрады. Экология минитсрлігінде мәлім етілгендей, 3 сәуірдегі экологиялық ахуалдың күрт нашарлауына тек қамыстың жануы ғана емес, Атырау мұнай өңдеу зауыты мен КРІ зауытындағы штаттан тыс жағдайлар себеп болған.