Бұл туралы БҚО Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Департамент мәліметі бойынша, бұл биылғы жылы облыста анықталған дирофиляриоздың алғашқы жағдайы. Бұл туралы stan.kz мәлім етті.
Мамандардың айтуынша, бұрын аталмыш ауруға тек жануарлар ғана шалдықса, соңғы уақытта әлемде адамдар арасында дирофилярия ауруы жиі тіркелуде. Инфекция қан арқылы жұғады.
"Ауру көбінесе маса шаққан кезде жұғады. Сонымен қатар, бүрге, сона және қансорғыш жәндіктердің басқа түрлерінің шағуы арқылы да жұғады. Ал инфекция көзі үй жануарлары болып табылады. Жануарлардың денесінде ересек дирофиляриялар паразиттік жолмен тіршілік етеді. Жәндік жануарларды шаққанда шыққан кейбір паразиттер келесі азғаның қанына енеді. Дирофиляриоз жануардан жануарға және адамға осылай жұғады", - деп түсіндірді БҚО эпидемиологтары.
Инкубациялық кезең бір айдан бірнеше жылға дейін созылады. Дирофиляриоз барлық жастағы адамдарға әсер етуі мүмкін, бірақ ең үлкен қауіп аймағындағылар:
- иттер мен мысық асыраушылар;
- ашық су объектілерінің жанында тұратын адамдар;
- табиғатқа жиі шығатын адамдар – аңшылар, туристер, бағбандар, балықшылар.
Дирофилярияның белгісі - тері астындағы түйіннің, ісіктің немесе индурацияның ішіндегі тірі паразиттің жорғалауы және қозуы. Гельминт уақтылы жойылмаса, оның локализациясы орнында абсцесс пайда болуы мүмкін.
Дәрігерлер репелленттерді, терезелерге арналған торларды, қорғаныш киімдерін қолдануға және үй жануарларын профилактикалық тексерістен өткізуге кеңес береді. Теріңізге түсіксіз жаралар шығып, қатты қышыған, ауырсынған жағдайда дереу дәрігерге көрінуіңіз қажет.