RSS лента

Бақытгүл Хаменова шұғыл мәлімдеме жасады!

  • 04.10.2022, 11:40,
  • 2 861
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Фейсбук

"Turan Times" реадкциясы аталған жазбаның толық мәтінін ұсынғанды жөн көрді...

"3 қазанға сағ.10.00-ге  белгіленген кезекті сот отырысы   13 қазанға ауыстырылды. Бұл жолы  судьяның науқастануы себеп болды.

 

  Таңғаларлығы, судьяның сырқаттанып қалғаны туралы алдын ала хабардар етілмеді. Соттың бүгін болмайтындығы туралы   хатшы сағ. 10-нан кете хабардар етті.

   

Қолдамақ ниетпен жұмыстан сұранып келген жолдас-жораның,  алыстан ат арытып келген ағайын-туыстың көңілі түсті. Ішінде ауруы да,  сырқауы да бар. Бізді қойшы, абақтыда айдан, күннен жаңылып, жан-жағынан анталағандардың «ойындарына» сынбай, мойымай отырған жазықсыз «кінәлі» жан болмаса...

    

Тағы да 10 күн тар қапаста үміт пен күдіктің тайталасын басынан кешіруге тура келеді.

    

Қаңғырған сан сұрақ жегідей жеп барады.  Хаменованы темір торға тоғытуға мүдделі тараптың кезекті ойыны ма бүгінгі әрекет деген ойды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Қателессек екен осы тұрғыда...

    

Өткен жолы антикорлықтар ресми парақшасында «Хаменованың әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады. Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды» деп жазба қалдырды.

   

Бірақ сот барысында бірде-бір куәгер, бірде-бір жасырын-ашық айғақ  Хаменованың тағылған айыпқа қатысы барын растаған жоқ. Абай ескерткішін орнату мәселесі Хаменова Атырау облысына қызметке келместен бұрын, 2019 жылы кесіп-пішілген. Пара алу, беру туралы мәселесі де сол жылдан бастап талқыға түскен.

   

Тіпті күдіктінің бірі -  Адамов Хаменоваға қарсы жалған куәлік беруге антикорлықтардың ықпалы болғанын сотта ашып айтты.

    

Адамның құқығы мен бостандығын қорғаушы прокуратура өкілдерінің тергеу материалдарын сараптарда нені негізге алғаны   түсініксіз.

   

Кезекті сәтсіз сценарий. Бірақ алда тағы қандай сюжет иірімдері күтіп тұрғаны белгісіз. Бүгінгі соттың кейінге шегерілуінің жоғарыда аталған «шығармашылық иелеріне» қатысы жоқтығына  сенгіміз келеді".

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости