Алдын ала ақпарат бойынша, Атырауда лотос гүлін тамашалағысы келген бір топ туристер мінген қайық аударылып қалды. Ондағылардың бірі жүкті, енді бірінің жасы сексеннен асқан. Абырой болғанда, бәрі дін аман. Бірақ, фотоаппарат пен ұялы телефондарын суға түсіріп алған. Олар қайық жүргізушісін кінәлі деп сотқа беріп те үлгерген екен. Ал, туристерге қызмет көрсетуші компания – "Афиша Трэвел".