RSS лента

McDonald’s уақытша қызметін тоқтатты

  • 05.07.2022, 21:56,
  • 895
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырауда McDonald’s фаст-фуд желісі 4 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еліміз бойынша тұтынушылар мейрамхана желісінде тапсырыс беру қиындап кеткенін айтып, әлеуметтік желілерде жазған болатын. Бүгін McDonald’s-тың еліміздегі нүктелері жұмысын барлық жерде тоқтатқанын хабарлады.

 

«Біз сіздерге McDonald’s желісінің техникалық себептерге байланысты уақытша жабылғанын хабарлаймыз. Біздің жаңалықтарымыз назараңызда болсын, фаст-фуд желісі жұмысын қашан бастайтынын міндетті түрде хабарлаймыз» делінген McDonald’s әлеуметтік желілерде жарияланған хабарламаларда.


Айта кетейік, McDonald’s Қазақстанда 2016 жылдың наурыз айында жұмысын бастады. Елімізде бірнеше өңірде барлығы 16 мейрамхана жұмыс істейді. Республика McDonald’s кірген 120-шы ел болды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости