RSS лента

Атырауда кәріз бен жертөледен бірнеше адам табылды

  • 14.12.2021, 17:47,
  • 4 505
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Атыраулық полиция инспекторлары қиын өмірлік жағдайларына байланысты жылу трассалары, жертөлелер мен қараусыз қалған саяжайларды мекендеп жүрген адамдарды іздеп, рейд жүргізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осындай рейдтік іс-шаралардың бірін өткізу кезінде №2 учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері Махамбет көшесінде орналасқан кәріз құдығының ішінен тұрғылықты мекен-жайы жоқ 1971 ж.т. азаматты анықтаса, №4 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары  Лесхоз мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінің жертөлесінен тұрғылықты мекен-жайы жоқ 1968 ж.т. азаматты анықтап, оларды Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырды.


Аталған азаматтар баратын жерлері болмағандықтан жылы жерлерді пана етіп жүргендіктерін айтқан.


Айта кетейік, жыл басынан бері учаскелік полиция қызметкерлерімен қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекен-жайы жоқ 120-ға жуық тұлға жеткізілген.


 

Оставить комментарий
Последние новости
     
ЭКОНОМИКА
25.04.2415:54
Доллар вновь подорожал  
   
Все новости