RSS лента

ӘЛЕМ


ӘЛЕМ
31.07.21 16:01
Нью-Йорк штатында вакцина алу міндеттелді

 

Нью-Йорк штатында мемқызметкерлердің міндетті вакцина алуы туралы талап енгізілді , деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

 

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған үшін 100 доллар.

 

Нью-Йорк қаласы тұрғындарын жұқпалы кеселге қарсы екпе ектірсе осындай көлемде ақша берлетін болды. Бұл туралы осы шаһар мэрі Билл де Блазио мәлімдеді. Сыйақы тұрғын екпенің бірінші дозасын ала салысымен тапсырылады. Жергілікті билік шарадан егілетін адамдар қарасы көбейеді деген үмітте. Қаладағы вакциналау орталықтарына 10 миллион доза екпе жеткізіген.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Нью-Йорк штатында мемлекеттік қызметкерлердің коронавирусқа қарсы міндетті түрде егілуі туралы талап енгізілді. Болмаса, ПТР-тест тапсырып отыруы қажет.

 

– Мен қолға алынып жатқан бұл шараның ықпалы күшті болады деп сенемін. Себебі қазір коронавирусқа қарсы егілу өте маңызды. Сондықтан біз әр вакцина салдырған тұрғынға алғысымызды осылай білдіруді шештік, – деді Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазио.



ӘЛЕМ
31.07.21 15:52
Пандемиямен әлем болып күресуде...

Сиднейде енгізілген карантин коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты 28 тамызға дейін ұзартылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



ӘЛЕМ
27.07.21 01:59
Химиялық зауытта жарылыс болды

Германияның Леверкузен қаласында (Солтүстік Рейн-Вестфалия) қауіпті қалдықтар мен улы заттар сақталатын және жойылатын Currenta химиялық зауытында үлкен жарылыс болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



ӘЛЕМ
26.07.21 02:03
800-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапты...

Ауғанстандағы бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар саны АҚШ әскерлерінің елден шығарылуы аясында рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



ӘЛЕМ
22.07.21 20:29
Гвинея құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты

Гвинея құрамасы коронавирустық пандемияға байланысты Токио Олимпиадасына қатыспайды. Негізінде елді бес спортшы таныстыруы керек болған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.



ӘЛЕМ
21.07.21 16:28
Коронавирустың қазіргіден де қауіпті штамы пайда бола ма?

Бұл туралы ДДҰ басшысы Токиода Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 138-сессиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



ӘЛЕМ
19.07.21 16:00
Бельгияда қаралы күн жарияланды

Бельгиядағы су тасқынан 20 адам қайтыс болды. Ертең елде төтенше жағдайдан қаза тапқандардың құрметіне қаралы күн жарияланбақ. Сондай-ақ, із-түссіз жоғалғандардың қатарында тағы да жиырма шақты адам бар, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



ӘЛЕМ
19.07.21 15:57
Табиғи апаттан 155 адам қайтыс болды...

Германия канцлері Ангела Меркель Рейнланд-Пфальц аймағының су тасқынынан зардап шеккен Шульд елдімекеніне табан тіреді. Ол жергілікті халықпен кездесіп, құтқарушылар мен еріктілерге ерекше алғыс білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



ӘЛЕМ
16.07.21 15:46
Ауғанстандағы аласапыранға кім кінәлі?

Ауған тәліптері Пәкістанмен шекарадағы Спин-Болдак өткізу бекетін өз бақылауларына алғанын хабарлады. Бұл – олар үшін маңызды қадам. Өйткені, тәліптердің қатары дәл осы шекара бекетінің арқасында көбейіп келген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



ӘЛЕМ
15.07.21 15:47
Карантиннен шаршаған әлем

Талаптың қатаңдығы шектен шығып кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



Последние новости
         
Все новости