RSS лента

Полиция Дональд Трампты сотқа берді

  • 27.08.2021, 02:59,
  • 274
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Капитолий полициясының жеті қызметкері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты сотқа берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері бұрынғы америкалық көшбасшы 6 қаңтарда Конгреске шабуыл жасау үшін экстремистік топтармен арнайы келіскен деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, Трамп Джо Байден жеңген Америка Құрама Штаттарының Президент сайлауын тоқтату үмітімен шабуылдың болатынын біле тұра ескертпеген.

 

«Трамп басқа сотталушылармен келісе отырып, сайлау нәтижелерін жоққа шығарып, өз жақтастарының наразылығын тудыру үшін сайлаудың бұрмаланғандығы жөнінде жалған мәлімдемелер жасап, олардың ашуын тудырды» делінген хабарламада.

 

Сотқа жолданған шағымда Трамп Тhe proud Boys және The Oathkeepers экстремистік топтарымен, сондай-ақ Капитолияға шабуыл жасамас бұрын Трамптың Ақ үйдің алдында сөйлеген сөзін қолдаған Роджер Стоун мен Али Александр сынды оңшыл саяси еріктілермен сөз байласқан деп көрсетілген.

 

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Капитолийді зорлық — зомбылықтан және шабуылдан қорғап, өз өмірлеріне қауіп төндірді» делінген хабарламада.

 

Еске салайық, 6 қаңтарда Вашингтонда Трамптың жақтастары Конгресс ғимаратына шабуыл жасап, өткен сайлаудың нәтижелерін мақұлдайтын жиналысқа кедергі келтірген болатын.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости