"Әкеміздің өмірінен кеткені туралы үлкен қайғымен хабарлаймыз. Ол жанұясымен қоршалған өз үйінде бейбіт өмірден өтті. Біз сізден осы өте ауыр сәтте оның жеке өмірін құрметтеуіңізді сұраймыз" делінген хабарламада.
Соңғы жылдары әртіс үйден іс жүзінде шықпаған. Оған қатерлі ісік және альцгеймер ауруы диагнозы қойылған болатын.
Айта кетелік, 2022 жылдың наурызында Ален Делон эвтаназия арқылы өмірден кетуге ниет білдіріпті. Өнер иесінің ұлы Энтонидің айтуынша, әкесі тіпті өсиет жасаған.