«РИА Новости» хабарлағандай, сазгердің өлімін «Уралконцерт» ұйымы ресми мәлім еткен. Ол Оренбург те өз үйінде жүрек талмасынан қайтыс болған.
Айта кетейік, ол 1964 жылы Медногорск қаласында дүниеге келген. 13 жасынан музыкамен айналыса бастаған. Артынша ән де жазған. Өмір бойы балалар үйінде еңбек еткен. Кейін «Ласковый май» тобының болашақ әншісі Юрий Шатуновпен танысқан. Аталған топтан бөлек, С.Кузнецов «Чернила для пятого класса», «Стекловата», «Радуга ночью» және «Spice Boys» топтарын да құрған.