RSS лента

Әлемдегі ең қарт адам 127 жасында қайтыс болды

Автор фото: ашық дереккөз

Бразилияда әлемдегі ең қарт адам Хосе Паулино Гомес 127 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. Ер адам 1895 жылы 4 тамызда дүниеге келген. Өмірінің соңғы айы төсекке таңылған Гомес 28 шілдеде Коррего-ду-кафедегі үйінде ішкі ағзаларының жетіспеушілігінен қайтыс болған.

 

Ол 128-ге толуына бірнеше күн қалған кезде өмірден озды. Хосе өмір бойы мал шаруашылығымен айналысқан. Ол 2019 жылға дейін атқа мінген. Оның жеті бала, 25 немере, 42 шөбере мен 11 шөпшек бар.

 

Бразилиялық әлемде ең ұзақ өмір сүрген адам. Алайда рекордын тіркемегендіктен қазіргі уақытта планетадағы ең қарт адам Испания тұрғыны - Мария Бранас Морера. Қазір ол 115 жаста.

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости