RSS лента

Ұлыбританияның королі қайтыс болғаны рас па?

  • 18.03.2024, 09:29,
  • 390
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ВВС (бейнежазбадан скриншот)

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары Ұлыбританияның 75 жастағы королі III Чарльз бақилық болды деген жаңалықты жарыса жазды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл жаңалық фейк болып шықты. Анықталғандай, БАҚ пен Telegram-каналдар Букингем сарайының фейк-құжатына сілтеме жасаған. Бұл туралы Букингем сарайы мәлімдеді. Айта кетейік, 5 ақпанда король қатерлі ісікке  шалдыққан еді.

 

– «Қатерлі ісік формасын» анықтаған анализдер жүргізілді. Ұлы мәртебелім, бүгін жүйелі ем кестесіне көшті. Оған дәрігерлер қоғамдық міндеттерді кейінге қалдыруға кеңес берді. Бірақ Ұлы мәртебелім мемлекеттік істермен және ресми құжаттамалармен айналысуды үйреншікті режимде жалғастырады, - делінген болатын хабарламада.

 

Еске сала кетейік, III Чарльз 1948 жылы туған. Небәрі үш жасында тақ мұрагері атанды. Ал, 2022 жылы 8 қыркүйекте оның анасы – Ұлыбритания патшайымы II Елизавета дүние салды. Оның орнын баласы Чарльз басып, 2023 жылдың 6 мамырынан бастап елге патшалық етті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости