RSS лента

Он бала аштан қырылды

Автор фото: freepik.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторының солтүстігіндегі Камал Адван балалар ауруханасында он баланың аштықтан өлгенін айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. ДДСҰ Газаға 2023 жылдың қазан айынан бері 2 наурызда ғана алғаш рет барған. Газаға 9500 литр жанармай мен қажет дәрі-дәрмек жеткізілді. Камал Адван ауруханасы – Газаның солтүстігіндегі жалғыз балалар ауруханасы.

 

Азық-түлік тапшылығы он баланың өліміне әкелген.

 

Электр қуатының болмауы пациенттердің күтімі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе, жансақтау бөлімі және нәрестелер бөліміне қауіп төніп тұр.

Оставить комментарий
Последние новости