RSS лента

Енді баланы ұрып тәрбиелеуге тыйым салынбақ

Автор фото: ru.freepik.com

Көршілес Өзбекстан депутаттары аталмыш заңды бірінші оқылымда-ақ мақұлдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизен желтоқсан айында Қазақстанда дәл осындай заңды қабылдауды ұсынған еді.

 

Артур ван Дизеннің айтуынша, бұл заңды әлемнің 65 елі бекіткен. Ал жақын арада аталған заңды тағы 27 мемлекет қабылдамақ.

 

Өткен аптада мәжіліс депутаттары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулерді мақұлдады. Бұдан былай ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру, қорлау, қудалау үшін жаза қатаңдауы мүмкін.

Оставить комментарий
Последние новости