RSS лента

Қазақстанның Кения Республикасындағы елшісі және БҰҰ тұрақты өкілі тағайындалды

  • 14.08.2023, 17:17,
  • 465
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Кения Республикасындағы елшісі мен БҰҰ тұрақты өкілі тағайындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz  

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;


Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;


Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости