Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. Дегенмен трансгендер әйелдер ашық жарыстарға қатыса алады, сонымен қатар бұған дейінгі жетістіктері мен титулдары сақталады. Бірақ жынысын әйелден еркекке ауыстырған жағдайда әйелдер арасындағы турнирлерде жеткен жетістіктері жойылады. Ал рейтинг сақталады.
Халықаралық федерацияның мәліметінше кей мәселелерді шешу үшін әлі сараптама жүргізу керек. Сондықтан шешім қабылдау мерзімі 2 жылға дейін ұзаруы мүмкін.
Ұйымның бұл шешімі ойыншылар мен өзге де адамдардың арасында сынға ұшырады. Кәсіпқой шахматшы, трансгендер әйел Йоша Иглесиас аталған саясаттың трансгендерлер мен әйелдерге кесірін тигізетінін мәлімдеді.
Дегенмен халықаралық олипияда комитеті шахматты спорт қатарына қосады. Ал шілдеде велоспорт бойынша ғаламдық басқарушы орган трансгендерлерге әйелдер арасындағы жарысқа қатысуға тыйым салған.