RSS лента

Жат ғаламшарлықтар туралы мәлімдеді

  • 29.07.2023, 03:36,
  • 448
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

26 шілдеде АҚШ Конгресінде НЛО мен өзге ғаламдық өркениеттерге арналған алғашқы тыңдалымда ерекше мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Америка әскери барлау офицері Дэвид Граш АҚШ билігінде өзге ғаламшарда дайындалған заттар мен транспорт құралы бар екенін айтты. Сөзінше, өзге ғаламшарлықтармен байланыс туралы шындықты Пентагон мен әскери барлау жасырып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. Дэвид Граш бұған дейін АҚШ-тың Ұлтық геокеңістікті барлау агенттігінде жұмыс істеп, "белгісіз аномальді құбылыс пен трансмедиялық нысандарды" сараптауға жауапты болған.

 

"АҚШ халқы аспанда не болып жатқанын білуге құқылы", – деді ол.

 

Оның сөзінше, Пентагон ондаған жылдан бері НЛО құлаған орыннан табылған заттарды зерттеп келеді. Сонымен қатар конгрессмен Марк Гарсияның сұрағына жауап берген ол бұл мәлімдемесіне сенімді екенін және төрт жылда бұл туралы қырыққа жуық адаммен сөйлескенін айтты.

 

Көп ұзамай Граш қызмет бабына байланысты өзге ғаламдық нысандарды зерттеумен шұғылданатын билік өкілдерімен де әңгімелескенін хабарлады.

 

Сондай-ақ құпия ақпаратты жария еткені үшін қоқан-лоқы көрсетілгені туралы сұраққа да жауап беріп, жат ғаламшарлықтар туралы мәлімдеген әскерилерді "қатаң кек" күтіп тұрады дейді.


Дэвид Граш

 

Ал Пентагонның баспасөз хатшысы Стю Граф жариялаған ақпаратта Дэвид Граштың мәлімдемесінде тексеруге болатын бірде-бір дерек жоқ екені және "жат ғаламдық материалдарға қатысты үкіметтен тыс бағдарламалардың еш уақытта болмағаны" жазылған.

 

Конгресс тыңдалымында Дэвид Граштан бөлек тағы екі куәгер сөз сөйледі. Олардың бірі Пентагонның бұрынғы қызметкері екен. Алайда олар жат ғаламшарлықтармен байланыс туралы сұрақтарға ашық жауап беруден бас тартты. Сондықтан мұндай мәліметтерді тек оңашада айтатынын жеткізген.

 

Марк Гарсияның сөзінше, әскерилердің қорқуы Пентагонға шындықты жасырып қалуға көмектесіп отыр. Сондықтан ол "шындықтан қорықпау керегін" айтты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости