RSS лента

Қазақстан БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысу үшін 430 әскери қызметкерді жібереді

  • 19.01.2024, 11:54,
  • 253
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: gov.kz

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс пен Сенат депутаттары Мемлекет басшысының Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларына қатысу үшін жіберу туралы ұсынысын қарады, деп хабарлайды Turantimes.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Парламентке үндеуін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқып берді. 430 адамға дейінгі бітімгершілік контингентін жіберу жоспарланған. БҰҰ-ның миссияларына қатысу Қазақстан Қарулы Күштеріне әскерлердің жауынгерлік машықтарын жетілдіру үшін пайдаланылатын бітімгершілік операцияларға тән қажетті жауынгерлік дағдыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Қазақстан өзін БҰҰ-ның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі миссияларының жауапты қатысушысы ретінде таныта білгенін, аз уақытта халықаралық бітімгершілік процестерде озық позицияларға ие болғанын атап өтті.


"Бүгінгі ел Президентінің ұсынысы мемлекеттің тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап жүргізіп келе жатқан бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі ел саясатының сөзсіз жалғасы екені анық", – деді А.Құспан.


Талқылау қорытындысы бойынша Парламент депутаттары Мемлекет басшысының БҰҰ миссияларына қатысу үшін ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын қолдау туралы шешім қабылдады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости