Бұл туралы Fox News-ке сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 25 жастағы Базн Берхе 100 жылға бас бостандығынан айырылды, оның 70 жылын 2021 жылдың 17 сәуірінде жасаған қылмысы үшін қатаң режимдегі түрмеде өтейтін болады. Оқиға бойынша ер адамның 58 жастағы әріптесі Эрнан Лейва супермаркеттің бөлмесіндегі тоңазытқыштан оның түскі асын ұрлап әкеткен.
Осылайша ол 15 cәуірде Берхе пышақ пен екі балға сатып алып, келесі күнгі "шабуылға дайындалған". 17 сәуірде ол жұмысқа алдын-ала келіп, Лейваны күтіп, оған шабуыл жасайды. Бірнеше рет пышақ сұғып, содан кейін балғамен ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен.
2021 жылдың қазан айында ұсталғаннан кейін ол қылмысын мойындады. Сонымен қатар прокурорлардың мәлімдемесіне сәйкес, Берхе "егер маған қатаң үкім шығарылмаса, басқа адамдарға осылай жасауым мүмкін" деп айтқан.
Осылайша қылмыскер қатаң режимде 70 жыл жазасын өтейді, содан кейін ол 30 жыл шартты түрде өтейді.
“Жағдайдан кейін айыпталушының қоғамға қауіп төндіретіні күмәнсіз расталғандықтан, үкім әлеуметтік қорғауға қажетті шара ретінде қабылданды",-деді адвокат Стив Дескано.
Фото: Fox News