Айыпталушы 2015 жылдың 11 ақпаны мен өткен жылдың 30 желтоқсаны аралығында мемлекет қаржысын туыстары мен таныстарының банкомат шотына аударған. Мұны басқа да қызметшілермен бірге жүзеге асырған. Сот шешімімен ол жет жылға бас бостандығынан айырылды. Әйтсе де, кәмелеттік жасқа толмаған балалары болуы себепті, жазасын бес жылдан соң өтейтін болады.
Ал, басқарма басшысына қатысты жағдайды облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова баяндап берді. Оның айтуынша, басшы қызметтен қуылмайды. Өйткені, ол әкімшілік мемлекеттік қызметші санатындағы лауазымды тұлға болып саналады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін қатаң сөгіс түрінде әкімшілік жаза қолданылған.
Жалпы, бағынышты тұлғаға қатысты айыптау үкімі күшіне енген он күн ішінде бірінші басшы жұмыстан өз еркімен кету жөнінде арыз жазуы қажет Бұл туралы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда көрсетілген.